Хабарландыру Әсер ету скринингін қарау туралы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:

    - Құжаттың негізгі бағыттары мен оны іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын Құжаттың жобасы: «Бике ауылы, Бексейіт ауылы, Қызыласкер ауылы елді мекендерінің даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)», сондай-ақ Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адам өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсері туралы ақпарат.

    СЭБ материалдарын әзірлеуші: «KazGeoSaulet» ЖШС.

    СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

    СЭБ әзірлеуге жауапты: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

    СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

    1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

    2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

    3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

    4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

    Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026-2040 ж.ж.

    Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 30 шілдеден 13 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 13 тамыз).

    Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

    Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

    Тел. 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-08-90

    e-mail: [email protected]

    [email protected]

    Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: [email protected].

    Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

    СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

    Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

    «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің сайтында.

    Ұқсас материалдар