Көлік объектілеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өткізілді

    ·
    Көлік объектілеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 17 шілдеде Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «БурМашМұнай» ЖШС борттық тамақтану цехы мен кафесі және «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлеріне санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинар барысында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы, санитариялық заңнама талаптарын сақтау және «Салауатты жұмыс орындары» жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Қатысушыларға жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі рөлі, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, қолданыстағы санитариялық талаптар таныстырылды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, «БурМашМұнай» ЖШС «Салауатты жұмыс орындары» жобасына қатысуға өтінім беріп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары