
Сейсенбі, 28 шілде күні, бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп-ұстау, абаттандыру, құрылыс-монтаж жұмыстарының заңдылығы, сондай-ақ сәулет-құрылыс бақылауы саласына қатысты мәселелерді көтерді.









