ПОЛИЦИЯ ДРОН КӨМЕГІМЕН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

    ·
    ПОЛИЦИЯ ДРОН КӨМЕГІМЕН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ

    «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратының (дронның) көмегімен автожолдарға әуеден бақылау жүргізуде.

    Әуеден бақылау жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактілерін жедел анықтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

    Құрметті жүргізушілер!

    Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаңыздар, белгіленген жылдамдық режимін бұзбаңыздар және қауіпті маневрлерге жол бермеңіздер. Өз өмірлеріңіз бен жол қозғалысының өзге қатысушыларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар.

    Жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары