Өскемен қаласының ПБ-да жеке құраммен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    ·
    Өскемен қаласының ПБ-да жеке құраммен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Өскемен қаласының ПБ-да жеке құраммен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    Өскемен қаласы Полиция басқармасында басшылық пен жеке құрамның қатысуымен кеңес өтті. Басты назарда — қызметтік тәртіпті, заңдылықты сақтау және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мәселелері.

    Кездесу барысында заңнама талаптарын сақтау, қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және атқарушылық тәртіпті нығайту мәселелері қаралды. Сондай-ақ тәртіптік практиканың нәтижелері талданып, анықталған кемшіліктер қарастырылды және оларды жою шаралары айқындалды.

    Жеке құрам алдында ШҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары полиция майоры Дәурен Балықшинов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қызметтік міндеттерін атқару кезінде әрбір қызметкердің заңдылықты, қызметтік тәртіпті қатаң сақтауы және дербес жауапкершілігі қажет екеніне баса назар аударды.

    Бұдан басқа, Арнайы және кәсіби даярлық баақармасының инспектор-полиграфологы полиция капитаны Альмира Ермағамбетова қызметкерлер үшін ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға, стресске төзімділікті дамытуға және қызметтіі тиімділігін арттыруға бағытталған тренинг өткізді.

    Мұндай іс-шараларды өткізу бөлімшелердің жұмысын жетілдіруге, тәртіпті нығайтуға және қызмет нәтижелері үшін қызметкерлердің жоғары жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары