Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – тұрақты бақылауда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – тұрақты бақылауда

    2026 жылдың ІІ тоқсаны бойынша ішкі бақылау жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардың сақталуына ішкі бақылау жүргізілді.

    Ішкі бақылау ветеринария басқармасының бас мамандары М.Б. Дуимбаева, Г.С. Бектасова және С.А. Айтмухамбетовтың қатысуымен «Жаңақала аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК (Жаңақала, Бірлік, Жаңақазан, Көпжасар, Қызылоба, Мәстексай, Пятимар ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттері) және «Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК (Тайпақ, Алмалы, Базаршолан, Ақсуат, Ақжол, Мерген ауылдық округтерінің ветеринариялық пункттері) мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілді.

    Бақылау барысында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қатаң сақтау мәселелері, ақпараттық стендтерде орналастырылған мәліметтердің өзектілігі, толықтығы және дұрыс орналастырылуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары