БҚО ветеринария басқармасының басшысы Теректі ауданындағы ветеринариялық нысандар құрылысының барысымен танысты

    ·
    БҚО ветеринария басқармасының басшысы Теректі ауданындағы ветеринариялық нысандар құрылысының барысымен танысты

    Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Абзал Серікұлы Бралиев Теректі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Покатилов және Богдан ауылдық округтерінде салынып жатқан ветеринариялық инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысымен танысты.

    Покатилов ауылында ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ екі ауылдық округте — Покатилов және Богдан ауылдық округтерінде — мал қорымдарының құрылысы жүзеге асырылуда.

    Сапар барысында құрылыс жұмыстарының қарқыны, пайдаланылатын материалдардың сапасы және белгіленген мерзімдердің сақталуы қаралды. Мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Аталған нысандар ауданның ветеринариялық инфрақұрылымын нығайтуға, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жеделдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жергілікті жерлерде эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

    Құрылыс жұмыстары ветеринария саласын дамытуға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылуда.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары