ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

    ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
    «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 12 тамызда сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Темірлан елді мекені, Қажымұқан көшесі №219), жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Темірлан елді мекені, Т.Рысқұлов көшесі №14) өтетінін хабарлаймыз.
    Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 10 тамызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
    Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары