Спорт – жастарды біріктіретін, жігерлендіретін және жаңа белестерге жетелейтін күш. Осы мақсатта Азат ауылында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған заманауи шағын футбол алаңының құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    ·

    Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының бастамасымен Азат ауылының Көктөбе көшесі бойындағы тау бөктерінде орналасқан арнайы белгіленген жер телімінде құрылысқа қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жердің ерекшеліктері мен қолайлылығы ескеріле отырып кезең-кезеңімен атқарылуда.

    Құрылыс толық аяқталғанға дейін барлық жұмыстардың орындалу барысы Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының тұрақты бақылауында болады. Жаңа шағын футбол алаңы – бұл жай ғана спорт нысаны емес. Бұл – ауыл жастарының денсаулығына, белсенді өмір салтына және жарқын болашағына салынған инвестиция. Жақын күндері бұл алаңда достық кездесулер, тартысты ойындар мен жарқын жеңістердің қуанышы орын алатын болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары