«Назар аударыңыз! Ауыр салмақты автокөлік құралы!»: Қарағанды облысында жолдардағы бақылау күшейтілді

    «Назар аударыңыз! Ауыр салмақты автокөлік құралы!»: Қарағанды облысында жолдардағы бақылау күшейтілді

    Қарағанды облысында ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды бақылауды күшейтуге бағытталған «Назар аударыңыз! Ауыр салмақты автокөлік құралы!» республикалық акциясы жалғасуда.

    Биылғы 10 шілде мен 10 тамыз аралығында көліктік бақылау инспекторлары өңірдегі бақылау бекеттерінде күшейтілген режимде жұмыс істеп, заңнама талаптарының сақталуын және жүк көліктерінің салмақтық параметрлерін тексеруде.

    Акция басталғалы бері 25-ке жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 3 млн теңгені құрады.

    Маусымдық шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні көліктік бақылау бекеттерінде температуралық шектеулер қолданылатын кезеңде қозғалысқа тыйым салынғанына қарамастан жолға шыққан 60-тан астам жүк көлігі ұсталды.

    Көліктік бақылау инспекциясы еске салады: 15 тамызға дейін ауа температурасы +25 °C-тан жоғары болған кезде дара оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілген. Тыйым күн сайын сағат 11:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта қолданылады.

    Мұндай шаралар аптап ыстық кезінде жол жабынын сақтауға және оның мерзімінен бұрын бүлінуінің алдын алуға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары