
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ағымдағы жылдың 29 шілдесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Қайырбеков көшесінің Гоголь көшесі мен Тәуелсіздік көшесі аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы уақытша жабылатынын хабарлайды.
Осыған байланысты №24 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.









