Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша бірлескен жеке қабылдау өтті

    ·
    Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша бірлескен жеке қабылдау өтті

    2026 жылдың 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі И.В. Тарасенко «Еркіндік рухы» жастар қанатының мүшелері Р.Р.Смаилов, Р.Р. Рахимжановпен бірлесіп жастарға арналған жеке қабылдау өткізді.

    Қабылдау барысында өңір жастары өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгініп, құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мәселелері бойынша білікті құқықтық түсіндірмелер алды.

    Азаматтардың өтініштерінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, әскери қызметті өткеру, сондай-ақ әлеуметтік құқықтарды іске асыру мәселелері көтерілді. Әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жан-жақты түсіндірмелер беріліп, азаматтардың құқықтарын қорғау мен іске асырудың әрі қарайғы тәртібі бойынша ұсынымдар ұсынылды.

    Осындай бірлескен қабылдаулар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік институттар мен жастар ұйымдарының өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары