Полиция жолаушылар тасымалын бақылауды күшейтті

    ·
    Полиция жолаушылар тасымалын бақылауды күшейтті

    – 2026 жылғы 28–30 шілде аралығында Павлодар облысының аумағында көлік тәртібін арттыруға және заңсыз жолаушылар тасымалын анықтап, жолын кесуге бағытталған «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.
    Аталған іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалдаушылардың қызметіне бақылауды күшейту, жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде орын алатын заң бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ осы саладағы заңсыз қызметтің жолын кесу.
    Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу және оларды анықтау бойынша жұмыстар күшейтіледі.
    «Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдары қызметінің басты негізі болып қала береді. Заң бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары