Аудан әкімі Балкашино ауылындағы қазандықтардың дайындығын тексерді

    ·
    Аудан әкімі Балкашино ауылындағы қазандықтардың дайындығын тексерді

    ️Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Балкашино ауылындағы барлық қазандықтарды аралап, алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
    Орталық қазандықта қазандықтар мен негізгі қазандық жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
    Көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін қазандықта қазандықтар мен түтін мұржасын ауыстыру жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар түтінсорғыштар мен қуаты жоғары сорғы тобы орнатылды. Қазіргі уақытта электр техникалық жабдықтарды жаңарту жұмыстары жалғасуда.
    Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлімдерге жоспарланған барлық жұмыстардың уақытылы, әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары