Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

    Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды

    Алматының Әуезов ауданында бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетті қалыптастыру жұмыстары жалғасып келеді. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, дизайн-код талаптарын іске асыру аясында Сәулет және қала құрылысы басқармасымен, сондай-ақ Полиция департаментімен бірлесіп заңсыз орналастырылған 1 500-ге жуық маңдайша мен жарнама құрылымы алынып тасталды.

    Сонымен қатар Алтынсарин және Абай даңғылдары, Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде ғимараттардың қасбеті мен маңдайшасын қаланың дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.

    Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды Алматының дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама табысталды.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары