Абай облысында қызметтік иттердің көмегімен көлік құралдарын тексеру бойынша бірлескен профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

    ·
    Абай облысында қызметтік иттердің көмегімен көлік құралдарын тексеру бойынша бірлескен профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

    Абай облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері Семей қаласы Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

    Іс-шаралар барысында автожол учаскелерінде көлік құралдарын іріктеп тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдың жүру бөлігін уақытша тарылту шаралары қолданылуда.

    Тексеру жұмыстарына қызметтік-іздестіру иттері бар кинологиялық топтар тартылған. Арнайы дайындықтан өткен иттер автокөліктерді жарылғыш заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді, есірткі заттарын және заңмен тыйым салынған өзге де заттарды анықтау мақсатында тексеруге қатысуда.

    Патрульдік полиция қызметкерлері көлік ағынын реттеп, жүргізушілердің құжаттарын тексеру, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.

    Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңсыз айналымдағы тыйым салынған заттарды анықтауға және облыс аумағында қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары