ТӨРАҒА ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ·
    ТӨРАҒА ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
    🔶 Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына және Тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жыл толуына орай Астана қаласында өткен спартакиадада Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері табысты ойын көрсетті.
    🔶 Жарыс нәтижесінде шахмат сайысында С. Садикова күміс жүлдеге ие болса, үстел теннисінен Б. Алибекова ІІ орын иеленді. Қатысушылар спорттық шеберлігі мен жеңіске деген жігерін танытып, мекеме абыройын жоғары деңгейде қорғады.
    🔶 Тексеру комиссиясының төрағасы М. Қалдарбеков жүлдегерлерді қабылдап, олардың жетістіктерімен құттықтады. Ол спортшылардың жеңісі ұжымның мерейін үстем еткенін атап өтіп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары