
Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 28–30 шілде аралығында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйі, жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтауы, заңсыз жолаушы тасымалының алдын алу және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында бақылау жұмыстары жүргізілуде.
🚌 Егер қоғамдық көлікте қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі немесе жәбірленушісі болсаңыз, бірден «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік.









