⚜️"Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" ақпараттық жүйесі мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының заманауи цифрлық құралы

    ·

    Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" ақпараттық жүйесі ("СЭН" АЖ) жұмыс істейді. Жүйе мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға, профилактикалық бақылауға және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік ұйымдар арасында ақпарат алмасуға арналған.

    Цифрлық технологияларды пайдалану құжаттарды қарау мерзімдерін едәуір қысқартуға, қағаз құжат айналымын азайтуға және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

    Ақпараттық жүйе мыналарға арналған:

    * шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері;

    * мемлекеттік ұйымдар;

    * эпидемиялық маңызы бар объектілер;

    * Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері.

    "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабына сәйкес эпидемиялық маңызы бар объектілер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жатады және тиісті тізілімге енгізіледі.

    Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік ұйымдар "СЭН" АЖ арқылы:

    * Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алады;

    * берілген құжаттардың қаралу мәртебесін қадағалайды;

    * санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алады;

    * профилактикалық бақылау нәтижелерімен танысады;

    * санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарынан хабарлама алады;

    * объект туралы мәліметтерді өзектендіреді;

    * жеке бару қажеттілігінсіз аумақтық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.

    Электрондық формат санитариялық заңнама талаптарын орындауды едәуір жеңілдетеді және қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

    Ақпараттық жүйені пайдалану:

    * Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде уақытты үнемдеуге;

    * хабарламалар мен шешімдерді уақтылы алуға;

    * объект туралы мәліметтердің дұрыстығын арттыруға;

    * бақылау іс-шараларының ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге;

    * бизнес пен мемлекеттік ұйымдарға әкімшілік жүктемені азайтуға;

    * санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, процестерді цифрландыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық деңгейін арттыруға және санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдер туындаған кезде жедел шешім қабылдауға ықпал етеді.

    Тиімді жұмыс істеу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне:

    * объект туралы мәліметтерді уақтылы жаңартып отыру;

    * ақпараттық жүйеде жеке кабинетті үнемі тексеріп отыру;

    * Қазақстан Республикасының санитариялық заңнамасының талаптарын сақтау;

    * санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының талаптары мен ұсынымдарын уақтылы орындау;

    * санитариялық талаптардың сақталғанын растайтын құжаттарды сақтау ұсынылады.

    Аталған іс-шараларды уақтылы орындау бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді және профилактикалық бақылаудан сәтті өтуді қамтамасыз етеді.

    Ақпараттық жүйенің жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде:

    * Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі:

    * Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтертерді көрсетудің кейбір мәселері туралы" бұйрығы:

    * "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" ақпараттық жүйесі:

    * Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы:

    Құрметті кәсіпкерлік субъектілері !

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады. Электрондық өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметтерді тезірек алуға, заңнама талаптарын сақтауға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы міндеттерді уақтылы орындауға мүмкіндік береді.

    Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды цифрландыру - бұл мемлекет пен бизнес үшін ыңғайлы, ашық және тиімді болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары