Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы·
Бюро «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2026 жылғы 10-28 тамыз аралығында бюроның құрылымдық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін болады.








