Шемонаиха ауданында «Тасымалдаушы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

    ·
    Шемонаиха ауданында «Тасымалдаушы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

    28–30 шілде аралығында Шемонаиха ауданында жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Тасымалдаушы» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарын тексеріп, олардың техникалық жай-күйіне, жүргізушілердің қажетті құжаттарының болуына, еңбек және демалыс режимін сақтауына, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау кезінде қолданыстағы заңнама мен Жол қозғалысы қағидалары талаптарының сақталуына ерекше назар аударады.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, заңнама талаптарын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары