Шемонаиха ауданында өндіріс көлемі артып, туризм саласы дамып келеді

    Аудандағы Первомайский кентінде көкөніс пен жеміс-жидек өңдейтін және ет өнімдерін шығаратын цехіске қосылды. Шемонаиха қаласында 320 орындық қоғамдық тамақтану орны ашылды.

    Аудан әкімі Ержан Шурманов ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жобалар мен ауданның он айдағы экономикалық көрсеткіштері туралы мәлімдеді.

    2026 жылдың алғашқы он айында аудан кәсіпорындары 152,9 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімін шығарды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 19,6 пайызға өсіп, 40,7 млрд. теңгеге жетті. Осы кезеңде аудан экономикасына 28,4 млрд. теңге инвестиция тартылды.

    Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы құны 51,2 млрд. теңгеге жетті. Диқандар 111,1 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақыл, 120,7 мың тонна майлы дақыл жинады. «Сугатовское» шаруашылығы 1 000 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу және кеңейту жобасына кірісті. Жобаға салынатын инвестиция көлемі - 8,5 млрд. теңге.

    «Марьин Утёс» экопаркін абаттандыруға 28,7 млн теңге жұмсалды. Саябақта жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, шамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Мұнда киіз үйлер тігіліп, атпен саяхаттау жобасы қолға алынды.

    Алдағы жоспарлардың қатарында Үбі өзенінің бойындағы демалыс орындарын дамыту және Лосиха көлінің маңында туристік нысан салу бар. Ауданның өзге де басымдықтары - инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлерді қолдау.

    Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Вавилон ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары