Ауыл тазалығы-бәрімізге ортақ іс!

    Ауыл тазалығы-бәрімізге ортақ іс!

    Полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандары ауылда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    ​Арқарлы ауылдық округі әкімдігінің мамандары мен полиция қызметкерлері бірлесіп, ауыл тұрғындары арасында тазалық пен абаттандыру ережелерін түсіндіру бойынша кезекті профилактикалық шара өткізді.

    ​Ұйымдастырылған рейд барысында мамандар тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар тарата отырып, мына мәселелерге баса назар аударды:
    ​Аула іші мен оның сыртқы аумағын таза ұстау, қоқысты белгіленбеген жерге төкпеу;
    ​Ауылдың санитарлық-экологиялық жағдайын жақсартуға жауапкершілікпен қарау;
    ​Көркейту-абаттандыру ережелерін сақтау.
    ​Тазалық пен тәртіп — әкімдік пен тұрғындардың ортақ жауапкершілігі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары