Әдістемелік көмек көрсетілді

    Әдістемелік көмек көрсетілді

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде архив ісін ұйымдастыру және құжаттарды дұрыс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің мамандары Дауталиева Г. мен Айтенова А. арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында архив құжаттарын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және мемлекеттік архивке тапсыру тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндіріліп, практикалық ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріліп, архив ісін жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.

    Осындай әдістемелік кездесулер құжат айналымын жетілдіруге, архив ісін заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыруға және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

    Жамбыл облысының мемлекеттік архиві мамандарына көрсеткен әдістемелік көмегі үшін алғысымызды білдіреміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары