Ақтауда қазақ тілді цифрлық контентті дамыту мәселелері талқыланды

    ·

    Ақтауда қазақ тілді цифрлық контентті дамыту мәселелері талқыланды

    Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мақалалармен толықтыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
    Жиынға өңірдегі облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің мамандары, мемлекеттік мекемелердегі тіл саясатына жауапты өкілдер, қала, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және филолог-ғалымдар қатысты, деп хабарлайды Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

    Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі цифрлық контенттің сапасын арттыру және Уикипедия қорын өзекті әрі сенімді ақпаратпен толықтыру. Қатысушыларға ақпараттық кеңістіктегі адалдық қағидаттары, Уикипедия платформасының мүмкіндіктері мен қойылатын талаптар жан-жақты түсіндірілді.

    Іс-шара барысында арнайы тәжірибелік сабақтар өткізілді. Онда Уикипедияға тіркелу, энциклопедиялық мақала жазу, ақпарат көздерін дұрыс пайдалану және мақалаларды өңдеу жолдары көрсетілді.

    Семинар спикері, қазақша Уикипедия әкімшісі Рахым Сабиханов қатысушыларға мақала орналастырудың негізгі кезеңдерін практика жүзінде таныстырып, мамандардың сауалдарына жауап берді.

    Бұл жиын мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігіндегі мемлекеттік тілдің беделін нығайтуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары