
“Абай облысы білім басқармасы” ММ Семей қаласы білім бөлімінің “№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі” КММ-не жаңа директор тағайындалды.
Бұл лауазымға Аманкулова Жулдыз Конысбековна тағайындалды.
Атқарған лауазымы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 25 жыл
Санаты: педагог-зерттеуші
ІІ санаттағы басшының орынбасары
Білімі
• Талдықорған индустриялық-педагогикалық колледжі, 15.07.1994 ж.
• Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 20.02.2006 ж.
• «ҚазГИЮУ», 28.06.2015 ж.
Педагогикалық қызметін 2001 жылы Семей қаласындағы №15 орта мектепте технология пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
2006жылы Шәкәрім атындағы университетін орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады.
№22 мектеп-лицейінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
№44 жалпы орта білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап «Экономикалық лицей» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс атқарды.
Жаңа қызметінде табыс, шығармашылық жетістік және сәттілік тілейміз!









