Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Қарағанды облысының ауылдық аудандарында мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашып жатқан жастардың қатары артып келеді. Жеңілдетілген несиелер, гранттар мен субсидиялар өндірісті жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және сұранысқа ие өнім шығаруға мүмкіндік беруде.

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Нұра кентінде жас кәсіпкер Ақымбек Қайырбеков құрылыс материалдарын өндіруді қолға алған. Мұнда газоблок, суэмульсиялы бояу және грунтовка шығарылады. Газоблок өндірісінде жергілікті карьерден алынатын құм мен Қазақстанда өндірілген цемент пайдаланылады. Бояу жасауға қажетті компоненттердің бір бөлігі отандық өндірушілерден, сондай-ақ Ресей мен Қытайдан сатып алынады. Кәсіпорындағы барлық жабдық Қазақстанда жасалған.

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Мамандығы бойынша Ақымбек – инженер-құрылысшы. Өз өндірісін ашу идеясы құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген кезінде туған. Кәсіпті бастауға ата-анасы қолдау көрсетіп, болашақ цехқа арналған ғимарат сатып алып берген. Кейін Ақымбек мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланып, гранттар мен жеңілдетілген несие арқылы қажетті жабдықтарды сатып алған. Бұдан бөлек, мемлекет қызметкерлердің жалақысының бір бөлігін субсидиялайды.

    — Ауылда кәсіп жүргізу оңай емес: сатып алушылар аз, логистикаға қатысты мәселелер бар. Бірақ мұнда бәсекелестік те төмен. Қазір жас кәсіпкерлер үшін нақты мүмкіндіктер жасалған – гранттар, субсидиялар және жеңілдетілген несиелер жұмыс істеп тұр. Ең бастысы – бастауға қорықпау керек, – дейді ол.

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Бүгінде кәсіпорында үш адам еңбек етеді. Құрылыс маусымында өндіріс толық қуатында жұмыс істейді. Өнімдер Нұра және Осакаров аудандарының жеке тапсырыс берушілеріне жеткізіледі. Алдағы жоспарында өнім түрлерін көбейту, жаңа жабдық сатып алу және қосымша өндірістік ғимараттар салу бар.

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Ауылдағы табысты бизнестің тағы бір үлгісі – Нұра ауданында жұмыс істейтін Шыңғыс Қадырбаевтың кәсіпорны. Мұнда шаруашылық сабынның екі түрі мен кір жуу ұнтағы өндіріледі. Шикізат Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен жеткізіледі, ал дайын өнім тек ауданға ғана емес, еліміздің өзге қалалары мен облыстарына да жөнелтіледі.

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Кәсіпкердің өндірісті дамытуына Қарағанды облысы әкімінің гранты және жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген микронесие алуға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы қолдау септігін тигізген.

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    — Ең үлкен қиындық – білікті мамандар табу және шикізат жеткізуді ұйымдастыру. Материал алу үшін Астана мен Қарағандыға тұрақты түрде баруға тура келеді. Бірақ бұл бізді тоқтатпайды. Алғашында шаруашылық сабын шығарудан бастадық, биыл кір жуу ұнтағын өндіруді іске қостық. Келесі мақсатымыз – өнім түрлерін көбейтіп, өндіріс көлемін ұлғайту, – дейді Шыңғыс Қадырбаев.

    Қарағанды облысының ауылдарында жас кәсіпкерлер бизнесті қалай дамытып жатыр

    Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттік қолдау өз кәсібін ашуға ғана емес, оны одан әрі дамытуға да үлкен мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары