Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тәжірибелі адвокаттың қатысуымен құқықтық дәріс өтті

    ·
    Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тәжірибелі адвокаттың қатысуымен құқықтық дәріс өтті

    Кездесудің тақырыбы – мұрагерлік және өсиет. Бұл – кез келген адам үшін маңызды құқықтық мәселелердің бірі. Қатысушылар заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктің айырмашылығы, құжаттарды дұрыс рәсімдеу тәртібі, мұраны қабылдау мерзімдері, сондай-ақ мұрагерлердің құқықтары туралы жан-жақты ақпарат алды.

    Дәріс еркін пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты өмірлік жағдайларға қатысты кәсіби құқықтық кеңестер алды.

    Спикерімізге мазмұнды әрі пайдалы кездесу үшін алғысымызды білдіреміз! Осындай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, маңызды өмірлік мәселелерде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары