
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде аудандық мәслихатының төрағасының міндетін атқарушы Б.О. Бидаулетованың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды: Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы, мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Алтынсарин ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 55 шешіміне өзгерістер енгізу.
Мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдау үшін депутаттар бірауыздан дауыс берді
