
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
2026 жылдың 23 шілде күні «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Үшарал қаласында “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге қала тұрғындары, полиция бөлімі, білім беру, денсаулық сақтау, ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері, жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.
Шара соңында кездесуге қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, кездесудегі көтерілген өзекті мәселені ары қарай насихаттау жөнінде ұсыныстарын айтты.









