
Бақтыбай ауылдық округі аумағында округ әкімдігінің ақылы қоғамдық жұмыскерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде және елді мекен аумағында есірткі құрамды жабайы өсетін өсімдіктердің заңсыз таралуының алдын алу мақсатында оларды анықтау, шабу және жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жүргізілген іс-шаралар барысында есірткі құрамды жабайы өсімдіктердің таралу ошақтарын анықтау, оларды уақтылы жою және олардың әрі қарай таралуына жол бермеу бойынша кешенді жұмыстар атқарылды. Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заңсыз есірткі айналымының алдын алуға бағытталған.








