АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ҚАУІПСІЗ ЖОЛ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС – ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА.

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ҚАУІПСІЗ ЖОЛ ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС – ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА.
    «Қауіпсізжол» жедел профилактикалық іс-шарасы жол қозғалысы тәртібін арттырып, жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған маңызды қадам. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерімен кездесіп, қауіпсіздік белдігін тағу, мас күйінде көлік жүргізудің салдары сияқты мәселелер бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Сондай-ақ, жылдамдықты шеттен арттыру және қауіпті маневрлар жасау әрекеттеріне ерекше назар аударылады. Бұл –жиі жол апатына алып келетін негізгі себептердің бірі. Аталған іс-шара аясында, жол-қозғалысы ережесін бұзған көліктерді анықтау мақсатында, ұшқышсыз ұшу апараттары – дрондар қолданылады. Мұндай іс-шара құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи, әрі тиімді тәсіл. «Қауіпсіз жол» акциясы – тек рейдтік шара ғана емес, бұл – әрбір адамның санасына жолдағы тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары