
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдардың уақытылы төленуін қамтамасыз ету және өндіріп алу жұмыстарын күшейту мақсатында, 2026 жылғы 21–27 шілде аралығында Қостанай станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында әкімшілік айыппұлдарды уақытында төлемеген азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта азамат «К»-ның тұрғылықты мекенжайына барып, айыппұлды заңда белгіленген мерзімде төлеу қажеттілігі түсіндірілді.
2026 жылдың басынан бері Қостанай ст. КПб-нің қызмет көрсету аумағында барлығы 1918 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 310 құқық бұзушылық бойынша айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 270 айыппұл өндіріліп, айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 82,86%-ды құрайды.
Сонымен қатар, құқық бұзушыларға айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы 30 хабарлама табысталды.
Қостанай станциясындағы КПб қызметкерлері азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды заңда белгіленген мерзімде уақытылы төлеуге шақырады. Уақтылы төленбеген айыппұлдар мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуына әкеп соғатынын еске саламыз.









