Ақтауда түнгі рейдтер жалғасуда: жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда

    ·
    Ақтауда түнгі рейдтер жалғасуда: жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда

    Ақтау қаласы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында тұрақты түрде түнгі рейдтік іс-шаралар өткізуде.

    Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары заңды өкілдерінің (ата-анасының) еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында жүрген бірнеше жасөспірімді анықтады.

    Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданып, ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Полиция ата-аналарға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне қатысты талаптарды сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Заң талаптарына сәйкес, жасөспірімдердің сағат 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде, ал ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуынсыз болуына жол берілмейді.

    Құқық қорғау органдары ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына белсенді қатысуға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары