Сібір жарасының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    ·
    Сібір жарасының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    2026 жылғы 23 шілде күні Қапал ауылдық округі әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен округ тұрғындары арасында сібір жарасының алдын алу, оның таралуына жол бермеу және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға сібір жарасының адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру екені, оның жұғу жолдары, алғашқы белгілері, алдын алу шаралары, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді.

    Сонымен қатар, тұрғындарға:

    • ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы ветеринариялық тексеруден өткізу және вакцинациялау;

    • ауру немесе өлексесі табылған малды өз бетінше союға және оның өнімдерін пайдалануға жол бермеу;

    • мал өлексесі анықталған жағдайда бұл туралы дереу ветеринариялық мамандарға хабарлау;

    • ет пен мал шаруашылығы өнімдерін тек ветеринариялық бақылаудан өткен сауда орындарынан ғана сатып алу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

    Осындай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын тауып, тұрғындардың денсаулығын қорғауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары