
Алматыоблысындағы Жетісу станциясытеміржол вокзалының реконструкциясыаяқталды.Жаңартылған нысан жолаушыларүшін кең,заманауи әрі жайлы болып,қауіпсіздікпенқолжетімділік талаптарынатолық сай келеді.
1959жылы салынған теміржолвокзалытолықжаңғыртылды.Қайта жаңарту нәтижесіндеғимараттың жалпы аумағы екі есеге жуық, яғни135,7шаршы метрден258,3шаршы метргедейін ұлғайды.Бір қабаттывокзалғимаратыжолаушыларментеміржол саласықызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшінзаманауиинфрақұрылыммен жабдықталды.
Қайта жаңарту барысында шатырдымонтаждау,ғимараттың сыртқы және ішкіәрлеуі,кәріз,су,жылу және электрменжабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлікжелілерінің жұмысыорындалды.Сондай-ақ,перронды қайта жаңарту,іргелес аумақтыабаттандыру және заманауи жиһаздардыорнату жұмыстары жүргізілді.
Жетісу станциясының теміржолвокзалы 3-санаттағывокзалға жатады. Станцияарқылыкүн сайынАлматы,Алтынкөл,Сарыөзек жәнеҚапшағай бағыттарына қатынайтын төртжолаушылар пойызы өтеді.
Ескесалакетейік,вокзалды жаңғыртужұмыстары Мемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша еліміздегі124теміржолвокзалын реконструкциялау және жаңғыртужөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүзегеасырылды. Алматыоблысында бұлбағдарлама төрт теміржол вокзалын қамтиды:Қонаев,Шамалған,Жетісу және Қазыбекбек (Ұзынағаш).
Маусым айында жаңғыртудан өткенҚонаевстанциясының теміржолвокзалыпайдалануғаберілді. 1978жылы салынғанвокзалтолықжаңартылып,заманауи талаптарғасәйкестендірілді.









