
Ғабит Мүсірепов ауданында, Новоишимское ауылында «Ақ бидай» жазғы спорт мерекесі бағдарламасы аясында футболдан аймақтық жарыстар өтті.
Тимирязев ауданының құрама командасы жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынға ие болды.
Спортшыларға табандылығы, командалық рухы мен жеңіске деген жігері үшін, сондай-ақ жаттықтырушы Малденов Амангелді Сейтхановичке кәсіби дайындығы мен аудан спортының дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.
Команданы лайықты жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта толағай жеңістер мен биік белестер тілейміз!







