Марат Пашимов орфандық ауруы бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов медициналық ұйымдардың директорларымен орфандық ауруы бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

    Кездесу барысында пациенттер тізілімін өзектендіру, емнің тиімдігін бағалаудың бірыңғай өлшемін енгізу, пациенттердің денсаулық жағдайын тұрақты бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ медициналық құжаттаманы сапалы дайындау және пациенттердің жағдайын мультидисциплинарлық топтардың қарауына ұсыну үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар пациенттерге кешенді медициналық көмек көрсетудің нормативтік-құқықтық негізін дамыту мәселелері қаралды. Соның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және мамандандырылған оңалту орталықтарында медициналық оңалту қызметін жетілдіру бағыттары сөз болды.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары