
2026 жылғы 21 шілдеде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Нұрлыбеков құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, лауазымдық міндеттерді адал орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері талқыланды.
Ерекше назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік тәртіпті сақтау, парасаттылық қағидаттарын ұстану және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне аударылды









