
Төменгі Қайрақты ауылдық кітапханасында "Әдеби өлкетану" жобасы аясында «Тағылымға толы таңбалы өлке» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасы туралы мәліметтермен танысты.
Саяхат бірнеше аялдамадан тұрды. «Тарих сыр шертеді» бөлімінде өлкенің өткені мен тарихи орындары туралы ақпарат берілсе, «Туған жер тұлғалары» аялдамасында өңірден шыққан белгілі тұлғалардың өмірі мен еңбектері насихатталды. «Табиғат – тұнған шежіре» бөлімінде туған өлкенің табиғаты мен ерекшеліктері туралы айтылды.
Іс-шара барысында қатысушылар арасында танымдық викторина ұйымдастырылып, туған жерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Туған жерге тағзым» атты кітап көрмесі ұсынылып, өлкетану бағытындағы әдебиеттерге шолу жасалды.
Шара соңында қатысушылар туған өлкенің тарихын білу мен оны құрметтеудің маңыздылығы жөнінде ой бөлісіп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Іс-шара өз мақсатына жетіп, қатысушыларға рухани әсер қалдырды.






