
Облыс әкімдігімен бекітілген «Қызылорда облысында 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мемлекеттік мекеме басшыларының БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференцияларының» кестесі аясында, 2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясында департамент басшысы Жанерке Алмасқызы 2026 жылдың алғашқы алты айындағы қызмет қорытындыларына тоқталып, медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері, азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарау, жүргізілген тексерулер мен қабылданған әкімшілік шаралар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық көмектің сапасын арттыру және дәрілік қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жасады.






