Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс сүріліп жатыр

    Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс сүріліп жатыр

    Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайындағы қосалқы салынған нысанды сүру жұмыстарының басталғанын айтты.

    Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің нысанды рұқсатсыз салғаны анықталды.

    Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін материалдар сотқа жолданды.

    Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысына сәйкес, бұл қосалқы құрылысты бұзу керек.

    Бүгін қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы" жаңалықтары