КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ БИЗНЕС-ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

    ·
    КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ БИЗНЕС-ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
    Бүгін Келес ауданында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттың І легі бойынша үміткерлердің бизнес-жобаларын қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына мемлекеттік грант алуға өтінім берген азаматтар қатысып, өздерінің кәсіпкерлік жобаларын таныстырды. Үміткерлер ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, өндіріс, қолөнер және өзге де бағыттар бойынша бизнес-идеяларын ұсынып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
    Биыл мемлекеттік қайтарымсыз грант беру тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұрын мемлекеттік грант немесе микрокредит алғандар, қызметін уақытша тоқтатқан дара кәсіпкерлер, мерзімі өткен берешегі бар азаматтар, еңбек шарты бар тұлғалар және талаптарға сәйкес келмейтін өзге де үміткерлер грант алуға жіберілмеді. Комиссия мүшелері әрбір жобаны жан-жақты бағалап, оның өміршеңдігіне, экономикалық тиімділігіне және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетіне баса назар аударды. Қорытынды шешімдер белгіленген талаптар мен бағалау критерийлеріне сәйкес қабылданатын болды.
    Комиссия шешімі негізінде грант иегерлерімен тиісті шарт түзіледі. Сонымен қатар, грант иегерлері екі жыл бойы бизнес-жоспардың орындалуы туралы тоқсан сайын есеп беріп, 18 ай ішінде кемінде бір тұрақты жұмыс орнын ашуға міндетті. Айта кетейік, комиссия отырысы Facebook әлеуметтік желісіндегі Келес аудандық Мансап орталығының ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары