КӘСІПКЕРЛЕР ӨЗ АУМАҒЫНА ЖАУАПТЫ!

    Ағымдағы жылдың маусым айында Ақжал кенті әкімдігінің қызметкері және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен кент аумағындағы дүкендерді аралау жұмыстары жүргізілді.

    ​Аралау барысында дүкен иелеріне келесідей маңызды талаптар түсіндіріліп, ескертулер берілді:

    ​Тазалық пен абаттандыру: Дүкен айналасында санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстарын тұрақты жүргізу, күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды уақытылы тазарту, сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату қажеттігі ескертілді.

    ​Тіл туралы заңнама: Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде сауатты рәсімделуі тиіс екендігі жеткізілді.

    ​Маңызды: Әрбір кәсіпкер өз нысанының айналасындағы тазалықты тұрақты түрде сақтап, белгіленген заңды талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет. Кентіміздің көркі мен тазалығы — баршамызға ортақ іс!

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары