Құрметті Ахмирово кентінің тұрғындары!

    22 шілде күні сағат 17:00-де Өскемен қаласының әкімі Алмат Талғатұлы Акышовпен кездесу өтеді. Кездесу барысында әрбір тұрғын өз сұрағын қойып, ұсыныс-пікірін білдіре алады.

    Сонымен қатар, кездесу басталардан бір сағат бұрын консультациялық топ өз жұмысын бастайды. Мамандар түрлі мәселелер бойынша кеңес беріп, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    Кездесу орны: №49 жалпы білім беретін мектеп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Өскемен қаласының әкімдігі" жаңалықтары