Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Осы сенбі, 21 қараша күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Алтай» көтерме-тарату орталығының (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде Күршім ауданының фермерлері өз өнімдерін ұсынып, табиғи әрі сапалы азық-түлік тауарларын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы күні қала кәсіпкерлерінің қатысуымен «Дос-Нар» сауда үйінде (Виноградов көшесі, 17А) азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









