Шығыс Қазақстандық спортшылар жүзуден Азия чемпионатында жүлделі болды

    ·
    Шығыс Қазақстандық спортшылар жүзуден Азия чемпионатында жүлделі болды

    17-23 шілде аралығында Таиланд астанасында жүзуден жас ерекшелік топтары арасындағы 12-ші Азия чемпионаты өтуде. Азия құрлығындағы ең беделді жарыстардың бірі саналатын чемпионатқа 33 мемлекеттен 627 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері, олардың қатарындағы шығысқазақстандық спортшылар да жүлделі орындардан көрінді.

    - Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Мансұр Айтқалиев Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 4×100 метрлік эстафетада қола жүлдені жеңіп алды.

    - Жарыстың үшінші күні Анатолий Руденко ұлттық құрама сапында 4×100 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдегер атанды.

    Азия чемпионаты әлі жалғасуда. Алда қатысушыларды жаңа сындар мен тартысты бәсекелер күтіп тұр.

    Дереккөз: https://t.me/shko_resmi

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары