Түпқараған ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық сұхбат жүргізілді

    ·
    Түпқараған ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық сұхбат жүргізілді

    Түпқараған ауданы полиция бөлімінің профилактикалық кабинетінде отбасы тыныштығын бұзған тұлғамен Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкері Г. Байкуренова профилактикалық сұхбат өткізді.

    Әңгімелесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, отбасы мүшелері арасындағы жанжалдарға жол бермеу және өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар, аталған тұлғаға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертіліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі жеткізілді.

    Профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары