
Зауыттағы өндірістік үдерістер толықтай автоматтандырылған. Швеция, Болгария және Италиядан әкелінген заманауи жабдықтардың арқасында тәулігіне 25 тоннаға дейін нан және нан-тоқаш өнімдері өндіріледі.
Кәсіпорын өз шикізат базасын пайдаланады, ал дайын өнім елорданың сауда орындарына, әлеуметтік нысандарына және сауда желілеріне жеткізіледі.
Бүгінде зауытта технологтар, наубайшылар және жабдық операторларын қоса алғанда 30-дан астам маман еңбек етеді.
https://www.instagram.com/astana_kasipker/









