Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясына шақыру туралы

    ·

    2026 жылғы «17» шілде №32

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

    отыз үшінші сессиясына шақыру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясы 2026 жылдың 22 шілде күні сағат 11:00- ге шақырылсын.

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз үшінші сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылсын:

    1. «2026-2028 жылдарға арналған Байғанин аудандық бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №330 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    2. «2026-2028 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №349 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    3. «2026-2028 жылдарға арналған Қарауылкелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №351 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    4. «2026-2028 жылдарға арналған Көлтабан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    5. «2026-2028 жылдарға арналған Ащы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №348 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    6. «2026-2028 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №356 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    7. «Байғанин ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы»
    8. Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №54 «Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Мәслихат төрағасы М.Сержан

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары